Мектептегі тамақтану
Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген мектеп асханалары қызметінің тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:
- асхананың толымдылығы-30%-дан артық емес;
- әлеуметтік қашықтықты сақтау-үстелдер мен келушілер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, едендегі белгілер, қоршаулар, тосқауыл таспалар;
- өзіне-өзі қызмет көрсетуге тыйым салу;
- буфет өнімдерін жеке орамада жіберу және т. б.;
Жоғарыда көрсетілген шараларды сақтау мүмкін болмаған жағдайда тағамды бір рет қолданылатын ыдыста немесе көп рет қолданылатын ланч-бокстарда сыныптарға жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
Мектеп асханалары жобасының тұжырымдамасы
Оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал ететін мектеп ортасын қалыптастыру бойынша нұсқаулық
Оқушыға витаминді қайдан алу керек?
Дені саудың - жаны сау
Дені сау болу – кез-келген адамның табиғи қалауы. Дені сау және рухани дамыған адам бақытты: ол өзін жақсы сезінеді, жұмысынан қанағат алады, өзін-өзі жетілдіруге, жастық пен сұлулыққа қол жеткізуге тырысады.