Құрметті оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар!
Біз, Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! 1 қыркүйек – жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше және әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын күн. Әр адам үшін 1 қыркүйек жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы.Уақыт бізден үнемі білім алып, кәсіби деңгейімізді дамытып отыруды талап етеді. Білім – экономиканың басты ресурсы. Оның табысты дамуы – тұлға мен мемлекеттің лайықты өмір сүруіне негіз болады. Биылғы оқу жылы қашықтықтан оқытумен басталды. "Қостанай облысының Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі мұғалімдерді қолдауға бағытталған екі акциясын аяқтадық. "Үйде оқытуды үйретеміз" акциясы аясында Обаған орта мектебінің көп балалы оқытушысы Абикенова Гульмира Амантайқызына компьютер тегін берілді. Ауданымызда 5 мұғалім COVID-19 емделіп шықты. Енді олар үшін денсаулықтарын қалпына келтіру оңай емес. Ұсынылған еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары негізінде оңалтуды қажет ететін күрделі және ұзақ мерзімді ауруы бар 1 мұғалімге , қыркүйек айының 2 - сінен бастап "Салауатты мұғалім" кәсіподақ акциясы аясында "Жайлау" шипажайы базасында өз денсаулығын тегін түзетуге жолдама алды. Бәріміз бірге қиындықтарды жеңе аламыз. Біздің алдымызға қойған мақсат алда білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашу. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!