«Табиғатты аяла» аудандық кезеңі
«Рухани жаңғыру» жол картасының жұмыс жоспарын орындау мақсатында оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетке және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған көзқарасқа тәрбиелеу мақсатында «Алтынсарин ауданының білім бөлімі» ММ-де 2022 жылғы 6 сәуірде 12-17 жас аралығындағы білім алушылар үшін жас өлкетанушылардың, экологтар мен натуралистердің «Табиғатты аяла» облыстық сырттай форумының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқауға Алтынсарин ауданының 8 мектебінен 23 оқушы қатысты: «Больше-Чураков жалпы білім беру мектебі» КММ, «Зуев жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Силантьев жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Новоалексеевка жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Свердлов жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Краснокордон жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Докучаев жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Приозерная негізгі орта мектебі» КММ, 7 жұмыс облыстық кезеңге жіберілді.