Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
10.03.2022 жылы мектеп басшыларына, оқу ісі жөніндегі басшылардың орынбасарларына, мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне және мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың әдістемелік бірлестіктерінің басшыларына арналған аудандық кеңес ұйымдастырылды. Онлайн кеңеске барлығы ауданның білім беру ұйымдарының 60-тан астам адам қатысты.
Кеңестің тақырыбы "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау", жұмыс кеңесі барысында мемлекеттік аттестаттау сарапшылары Д.Т. Именалинова (мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары) және С. Т. Жүсіповамен (білім беру бөлімінің әдіскері) кездесу болды. Кеңесте 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 "Білім беру ұйымын бағалау критерийлері" (26.07.2021 жылғы өзгерістермен) және "Білім беру ұйымдарын Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар"білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау нормативтері зерделенді.
Кеңеске қатысушыларға білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өтуі бойынша құжаттар тізбесінің жадынамасы ұсынылды.
Сондай-ақ, Новоалексеев мектебінің мемлекеттік аттестаттаудан өту бойынша негізгі кемшіліктері мен ескертулері қаралды.
Кеңеске қатысушылардың сұрақтарына аттестаттау сарапшыларының жауаптары мен ұсыныстары берілді.