Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және оны шешу жолдары
11 наурыз 2022 жылы Рудный қаласында "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтарының "Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және оны шешу жолдары" тақырыбында облыстық съезі өтті. Съезд барысында пленарлық отырыс болды. 4 секциялық алаң жұмыс істеді. Озық әрі білікті педагогтар өз тәжірибелерін ортаға салды.