Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың отбасылық нысандарын дамыту бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу
Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық нысандарын дамыту бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу шеңберінде "Алтынсарин ауданының білім бөлімі" ММ-нің бала құқықтарын қорғау жөніндегі бас маманы М. А. Ильговамен кездесу өткізілді.
2021 жылдың 13-14 мамырында Зуев ЖОМ, Қарағайлы ЖМ, Лермонтов ЖМ, Новоалексеев ЖМ педагогикалық ұжымдарымен, сондай-ақ Кубековка ауылының тұрғындарымен кездесулер өткізілді.
Іс-шара қатысушыларына отбасына орналастырудың ықтимал нысандары, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды мемлекеттік қолдау туралы ақпарат жеткізілді.