Еңбек күні
27 қыркүйекте Қазақстанда Еңбек күні болып саналады. Осыдан жеті жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің соңғы жексенбісін Еңбек күні деп бекітті. Құрметті әріптестер, достар! Сіздерді "Еңбек күні" мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еңбек адамдары мемлекет игілігінің қайнар көзі саналатыны ақиқат. Өйткені әрбір қазақстандық азаматтың лайықты, адал, кәсіби еңбегі- егемен еліміздің экономикасы мен әлеуетінің дамуының негізі. Еңбек адамдарын құрметтеу, олардың мәртебесін арттыру баршамызға ортақ міндет. Адал кәсіппен отанымыздың өсіп-өркендеуіне сіңірген еңбектеріңіздің елене беруіне тілектестігімді білдіремін. Қызметте зор табысқа, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіздер. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, әр бастамаларыңызға сәттіліктер тілеймін.