1
2
3
4
5
6 1

Жауалықтар мұрағаты

Жаңалықтар -2017

 

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше74
Апта111
Ай237
Барлық күндері52934

Мемлекеттік тілді үйренеміз

Қазақ тілін үйренуге бағытталған сайттар

https://tilqural.kz/

https://abai.institute/

https://tilmedia.kz/

http://balatili.kz/

Сөздік қорды байытуға бағытталған сайттар

https://emle.kz/

https://termincom.kz/

https://sozdikqor.kz/

https://qazcorpora.kz/

Құжаттардың қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы

https://qujat.kz/

Латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін ұлттық портал

https://Qazlatym.kz/

Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар

https://tilalemi.kz/

Жаднама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,      бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

 

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда

халыққа арналған жаднама

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері:

1) сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;

2) құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);

3)жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;

4)тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;

5) бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:

1) Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;

2) Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;

3)  Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.

 

Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға

арналған жаднама

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.    

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:

1)               көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;

2)               бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;

3)               табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

1)    қоғамдық көлікте:

- заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2)    үйіңіздің кіре берісінде:

- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);

- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;

- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

- табылған заңсыз затты пайдалануға;

- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз.

Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегін сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

 

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша

тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді.

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз:

1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз;

2) егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;

3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;  

4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;

5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда көмегі тиеді;

6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;

7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;

8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;

9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін.

 Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген.

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1) агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;

2) мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;

3) бастапқыдан - ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;

4)  пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.

 

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;

2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;

3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына сеніңіз.

4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;

5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Келесі ережелерді ұғып алған пайдалы:

1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;  

2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;

3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді   есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек.

4) егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.

5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде жатыр.

 

15     16

 

 

«Сахаба - мұғалім»

2020 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Алтынсарин ауданының білім беру саласындағы іс-шаралар жоспары

 

 

«Сахаба - мұғалім»

Мұражай тарихымызды сақтайды,

Бізбен бірге жоқ адамдардың да,

Барлық жерде Даңқымыз өседі,

Біз өз тарихымызды мақтан тұтамыз!

Бүгін, жаһандық қатерлер мен өзгерістер дәуірінде құндылықты сақтау өте маңызды, бұл - «Адами өлшем» даралыққа, адамның рухани әлеміне, оның жеке құндылықтары мен ойларына бағдарланған. Егер «уақытты тоқтатса» және Ыбырай Алтынсариннің жеке үлесін салыстырса, ол - біртұтас алаң мен кеңістік шеңберінде біздің өткеніміздің, қазіргі және болашақтың жалпыадамзаттық құндылықтарының иесі. Яғни, бейбіт сезімнен, тұратын жеріне, кәсібіне, ұлтына қарамастан, ол біртұтас өмір кеңістігінде еркін бағдар алып, бейтаныс қызмет салаларында бейімделіп, уақыт пен оқиғаларды басып озды, сонымен бірге жақсылық пен рухани құндылықтарға өзінің «Мен» қарапайым адамдық ұстанымдарын сақтады.

Біздің ауданда сахаба-ұстаздар бар,оның идеяларын жүзеге асыруды жалғастырушы- олар, Шалабаев Василий Амельянович, Верещагин Василий Степанович, Болотов Александр Георгиевич, Вечер Сергей Александрович, Галицын Леонид Алексеевич, Тригубкина Ирма Эмануиловна, Тенизбаева Татьяна Борамбаевна және басқа да көптеген азаматтар. Олар, уақыт пен мән-жайларға қарамастан, мүлдем өтеусіз, нақты істер жасап және барлық уақытта біртұтас адам кеңістігін қалыптастырады. Жерлестерміз, бұл адамдар туралы білуі тиіс, олардың даңқты істерінің бір бөлігі болуға ұмтылуды,ұрпақтарға беруге, өзіміздің тұрып жатқан ауданымыздың даңқысын шығаруды білу керек. Бұл маңызды!

Алтынсарин ауданы бойынша жол картасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламалардың жобалары мен іс-шараларының іске асыру шеңберінде жобалау бөлімімен 2018 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік бағдарламаны іске асыру арнасында біздің аудан мұғалімдерінің қозғалмалы қызметін насихаттау мақсатында іске асырылатын «Сахаба-мұғалім» жобасына бастама жасады.

Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің туған күнін мерекелеу қарсаңында ағымдағы жылдың 19 қазанында «Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Силантьевка орта мектебі» КММ базасында «Сахаба-мұғалім» мұражай бөлмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, ондаоқушылар мен педагогтар өз еңбектерінің нәтижелерімен бөлісті.

Іс-шараға ауданның құрметті қонақтары және осы жобаға тікелей қатысы бар адамдар шақырылды. «Сахаба-мұғалім» аудандық жобасының авторы және жетекшісі Солдатова Светлана Васильевна, Светлана Васильевнаға 2018 жылдың 12 қаңтарында облыстық «Үздік жоба» байқауында өз жобасын қорғауға мүмкіндік болды. Аталған конкурстың қорытындысы бойынша, біздің жоба жүлделер қатарына енді және осы жобаны іске асыруға Қостанай облыстық ұйымы - 200 000 теңге бөлді. Және жобалау бөлімінің жоспарында - Силантьев орта мектебінде мұражай бөлмесін құру идеясы енгізілді, онда, болашақ ұрпақ Ұлы педагогтардан қалған тарихы мен педагогикалық мәдениеттін біліп жүруге.

Мұражай бөлмесінің ашылуында Светлана Васильевна Солдатова идеяның өзектілігі мен маңыздылығы туралы толығырақ айтып берді.

Ашылу лентасын кесу құқығы Алтынсарин ауданының тарихи оқиғаларды бас сақтаушы және жинаушы Баннов Юрий Афанасьевичке және білім беру бөлімінің басшысы Мамаева Арайлым Серікбекқызына ұсынылды.

Әр мұражайдың өз беті, өзінің қайталанбас келбеті бар. Өйткені, әрбір зат үшін, әрбір сурет үшін-халық тарихы, жеке адамдардың тарихы. Аудан мектептерінің оқушылары мен педагогтары көптеген ай бойы музейлік маңызы бар құнды заттарды іздеумен, сондай-ақ біздің ауданда білім беру жүйесінің даму тарихы туралы, туған мектептеріне оралған педагогтар мен түлектер туралы ақпарат жинаумен айналысты. Олар өз міндетіне сүйене отырып, жобаны жүзеге асыру үшін құнды материал жинады.

Мұражай бөлмесінің құрылымы мен мазмұнымен қонақтарды «Жас Қыран» балалар ұйымының өкілдері таныстырды.

«Ыбырай ізбасарлары – последники Ыбырая» мұражай бөлмесінің бірінші экспозициясы, онда «Ыбырай Алтынсарин» және Білім үздігі» төсбелгілері бар аудан мұғалімдері туралы материалдар ұсынылды. Мұражай жұмысы шеңберінде Қостанай облысы бойынша төсбелгі иегерлерінің анықтамалығын жасау бойынша қызмет жүргізілуде. Бүгінгі күні анықтамалыққа 20-дан астам тегі енгізілді. Олардың ішінде біздің ауданымыздың мұғалімі де бар, олар Свердлов орта мектебінің директоры-Калиева Қадиша Төлеуқызы. Стендте педагогикалық еңбек ардагерлерінің жұмыс істейтін мұғалімдердің және бүгінгі күні болмаған адамдар портреттері орналастырылған.

«Мәртебелі ұстаз» атты екінші экспозицияда ауданның үздік педагогтарының портреттері орналастырылған - Тарасова Светлана Александровна, Силантьев ОМ директоры, Карбашов Сергей Павлович, Маяковск ОМ дене шынықтыру мұғалімі, Пожар Владимир Филиппович, Краснокордон ОМ бұрынғы директоры, педагогикалық еңбек ардагері. Құрмет тақтасына үміткерлер әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен анықталады және бұл бөлім тиісті материалдың дайындығына қарай толықтырылады.

Халық даналығы «Туған жерге де қажетсін». «Мектебім-тағдырым» атты үшінші бөлімде туған мектебіне жұмысқа оралғандар және бүгінгі күні жұмыс істейтіндер, мектеп түлектері туралы ақпарат орналастырылған. Бұлар, Е.М.Мазур, Т.В.Голошумова, Г. В.Шилова, С.В. Гаврищук., Куц И.Н., Л.А.Детянцева, - Силантьев ОМ, Н.Ф.Садыкова, С.П. Карбашов., Конкабаева Ш.Т. – Маяковск ОМ, және басқа да көптеген педагогтар.

Төртінші экспозиция, мұражай бөлмесінің негізгі идеясы –«Сахаба – мұғалім» портреттік галереясы. Мұнда, жоба орындаушылары барлық уақыттағы мұғалімдердің белсенді өмірлерін көрсетті. Алтынсарин аудандық сахаба мұғалімдерінің жарқын өкілдерінің бірі – Василий Емельянович Шалабаев, оның бастамасы мен белсенді қызметінің арқасында, біздің ауданымыздың Ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады. Өзінің өмірлік әңгімелерімен және тамаша адам туралы естеліктерімен Василий Шалабаевтын оқушысы Докучаев ОМ мұғалімі Сергей Александрович кеш қонақтарымен бөлісті.

Барлық қонақтарға өз тілектерін пікір журналына қалдыруға мүмкіндік берілді.

Мұражай бөлмесінің ашылуымен біз осы жобаның екінші кезеңін аяқтадық, одан әрі бұл идея Ы. Алтынсарин құндылықтарын алға жылжытуға, жерлестеріміздің адамгершілік – патриоттық ұстанымдарына жауапкершілік сезімін қалыптастыруды, балалар, ата-аналар және ауылдық қоғамды өз болашағы мен ел болашағы үшін бірлесіп жауапкершілікке баулу болып табылады!

 

P81019 150914

 

P81019 152437

 

P81019 155537

 

 

Изучаем государственный язык

Қазақ тілін үйренуге бағытталған сайттар

Сайты, направленные на изучение казахского языка

https://tilqural.kz/

https://abai.institute/

https://tilmedia.kz/

http://balatili.kz/

Сөздік қорды байытуға бағытталған сайттар

Сайты, направленные на обогащение словарного запаса

https://emle.kz/

https://termincom.kz/

https://sozdikqor.kz/

https://qazcorpora.kz/

Құжаттардың қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы

Казахская форма документов и инструкция по заполнению без ошибок

https://qujat.kz/

Латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін ұлттық портал

Национальный портал, поддерживающий переход на латиницу

https://Qazlatym.kz/

Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар

Актуальная информация в области языка

https://tilalemi.kz/

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

 

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

Сөзі - Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденовтікі, музыкасы - Шәмші Қалдаяқовтікі  

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Тағы мақалалар...

  1. ҚР Президентінің Жолдауы

 

Мемлекеттік рәміздері

 

Президентінің Жолдауы

 

Рухани жаңғыру

 

Цифрлық Қазақстан

 

Kundelik.kz

 

kaz.ru


translit1

  

indigo kz

  

sakura kz

Сайтқа кіру

<< < Мамыр 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31