Япония елшісі
24.06.2022ж. Алтынсарин ауданына Жапония елшілігінің бірінші хатшысы Такасигэ Кобаяши мен Kusanone ("Корни травы") бағдарламасының үйлестірушісі Акира Мацумотомен бірге Жапония Елшісі Ямада келді. Сапардың басты мақсаты бағдарлама арқылы қаржыландырылған әлеуметтік нысандарға бару.
Адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік жобаларға өтеусіз көмек көрсету бағдарламасын Жапония Үкіметі Қазақстанда 1997 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде республикада 7 миллион доллардан астам сомаға 100-ден астам жоба іске асырылды. Біздің аудан бойынша Красный Кордон ауылындағы "Аққайың" балабақшасына және Қарағайлы ауылының орта мектебіне гранттық көмек көрсетілді.
Алтынсарин ауданы жапон елшілігіне қазақтың ең жақсы дәстүрлері мен өзінің қонақжайлылығын көрсетті.