Кәсіби бағдар беру-болашаққа жол
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған орта мектебінің
физика пәні мұғалімі
Байзакова Ботагоз Касымовна
Кәсіби бағдар беру-болашаққа жол
Кәсіби бағдар беру-жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттер мен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы роліне сай саналы таңдалынып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде – кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда.
Осыған орай, Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің оқушылары Қостанай инженерлік экономикалық университетіне ашық есік күніне барып, саяхат жасап келді. Ұйымдастырушылар балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алып, оқу орнының ішін аралатып, таныстырылым жасады. Оқушылар өздеріне керек мағлұматтарды алып, оқуға түсуге деген ынталары жоғарлады. Ұл балаларға инженерлік техникалық факультеті ұнап, өздерінің қызығушылығын танытты.
Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.