Ы. Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде IT-класс ашылды
Алтынсарин ауданының тарихында, аудандық білім беру бөлімінің бастамасымен алғаш рет, 2018 жылдың 15 қазанынан 20-ншы қазаны аралығы жерлесіміз, педагог және ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туылған күніне арналған мереке деп жарияланды.
Осы апталық барысындағы іс-шаралар ағымында 2018 жылдың 17 қазаны Обаған ауылының балалары, ата-аналар қауымдастығы мен педагогтары үшін ерекше күн.
Мемлекеттік «Цифрлық Қазақстан», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыру және Ы.Алтынсариннің туылған күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің мектеп жанындағы интернатымен Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі» (мектеп директорының м.а. Ахмадиева Н.М.) ақпараттық технологиялар сыныбының ашылу рәсімі өтті.
Заманауи жобаның іске асуына «Айдала» ЖШС директоры Стороженко Л.В. қолдау көрсетті. Осы үшін мектеп оқушылары, мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілері, ата-аналар қауымдастығы және мектеп ұжымы ерекше алғысын білдіреді.
Леонид Васильевичке зор денсаулық, ұзақ өмір және ісінің өркендеуін тілейміз. Бұл үлес біздің Алтынсарин ауданының тұрғындары мен тұрғындарына оң үлгі болсын!
«Алтынсарин ауданының білім беру бөлімі» ММ