Елбасының халыққа жолдау бойынша пікір
Елбасы Жолдауында Қазақстандықтардың әл - ауқатын жақсарту мәселесіне баса назар аударып отыр.
Бұл мақсатты еңбекақының өсуі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және басқа да бірқатар шаралар негізінде жүзеге асыру көзделінген.
Жолдауда "қолма - қол ақшасыз экономиқаға" бет бұру, "болашақтың экономикасының" басты бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажеттілігі айтылады.
Сондай - ақ білім беру жүйесінде де өзгерістер күтілуде. "Педагог мәртебесі туралы " заң әзірленіп, мұгалімдер үшін барлық игіліктің қарастырылатыны баса айтылған.
Медициналық қызмет сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастырудың мүмкіндіктері қарастырылмақ.
Жолдаудағы алға қойылған міндеттер қазақстандықтардың келешекке деген сенімін нығайтып, қоғамның ілгерілеуіне серпін берері сөзсіз.