Көрісу күні
Қазақ халқы ертеден мал шаруашылығымен айналысқан, көшіп-қонып жүрген. Сондықтан әр ру, ауыл бір-бірімен көктем шыға қауышатын болған. Бұл 14 наурызға тұспа-тұс келген. Сондықтан "көрісу" деп аталған. Бәрі қыстан аман шыққанына қуанып, жастар жағы үлкендерге барып, аман-саулығын сұраған, батасын алған. Үй-үйде дастархан жайылып, жақсы тілектерін білдіретін болған. Тәрбиелік жағынан мәні өте тереңде. Әлі күнге жалғасын тауып келе жатыр. Жастың үлкенге деген құрметі, өкпе-реніштің ұмтылуы, ақ дастархан жайылып, ағайын-туыстың кездесуі, осының бәрі адамдар арасындағы қарым-қатынасты да реттеген.