Басты мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бұл өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімімен біріктірілген және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барша қазақстандықтардың басты мерекесі.
1991 жылы 16 желтоқсанда дүние жүзінің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Осыдан 30 жыл бұрын біз – қазақстандықтар – халық тарихында шешуші қадам жасадық: біз демократиялық және құқықтық мемлекет қағидаттары бойынша өмір сүретін қуатты, тәуелсіз мемлекет құрушы болдық. Бұл күні ел азаматтары ата-бабамыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті таңдады. Біздің ұрпақ осы ішкі армандарды жүзеге асырудың үлкен құрметіне ие болды. Біз әлемдік қоғамдастықтың лайықты бағасын алған өзіміздің қазақстандық жолды бастадық.
Бұл мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен күш-қуатының символы болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрулармен тамаша жалғастырды, тәуелсіздік жылдарында әлем мойындалып, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.
Сіздерді еліміздің басты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, өз ісіңізге берілгендігіңіз біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуына қызмет ететініне сенімдімін.
Ежелгі грек философы Аристотель: «Мемлекет тек өмір сүру үшін емес, негізінен бақытты өмір сүру үшін құрылады», - деді. Сіздерге шынайы адам бақытын, мықты денсаулық, бейбітшілік, амандық, өзара түсіністік пен келісім, ертеңгі күнге деген сенімділік және ризашылық тілеймін. Сіздердің сенімдеріңіз, туған жерге деген үміт пен сүйіспеншілік, қуат пен өзіне деген сенімділіктің қайнар көзі таусылмасын. Сіздердің игі істеріңіз Ұлы Отанымыздың даңқын арттыра берсін!