«Үздік педагог»
Құрметті Алтынсарин ауданының педагогтары!!!
20 сәуірде «Үздік педагог» атағын беру конкурсының I кезеңі (аудандық) өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 15 сәуірге дейін жүргізіледі.
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымы) педагогтері қатыса алады.
I кезеңге (аудандық) қатысу үшін электрондық форматта мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:*
1) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға нысан бойынша өтінім;
2) педагогке білім беру ұйымдарының басшылары растаған ұсыным;
3) жұмыс орны бойынша куәландырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) білім беру ұйымының комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме және қазақ немесе орыс тілінде ұсыну;
6)электрондық тасымалдағышта жазылған оқу сабақтары;
7) Оқыту тіліндегі Портфолио (педагог портфолиосының құрылымы осы қағидалардың 2-қосымшасында баяндалған);
8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды;
9) осы қағидалардың 3-қосымшасында баяндалған техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.
10) Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістіктер осы қағидалардағы 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша бағаланады.
«Үздік педагог» атағын беру ережесі* құжаттан үзінді көшірме
(Ереже жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығымен)
Телефоны: 34-1-36