1
2
3
4
5
6 1

Жауалықтар мұрағаты

Жаңалықтар -2017

 

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше1
Апта42
Ай155
Барлық күндері47735

Жаңа 2019/2020 оқу жылына бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің 1 сыныпқа қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті келесіні хабарлайды.

    «Білім туралы»  2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады  (1 қыркүйекте толық алты жастағы немесе күнтізбелік 2019 жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балалар).  Бұл норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

         Мектепке қабылдау ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - ереже) №564 бұйрықпен регламенттелген. 

Жоғарыда аталған Ереженің 9-тармағына сәйкес бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);

      2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

          3) №026/у-3 нысаныбойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

          4) № 063/у нысан бойыншаденсаулық жағдайы туралы құжат;

          5) 3x 4 көлеміндегі фото - екі дана.

Ереженің 9 тармағына сәйкес білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан,  қызмет көрсету  аумағында тұратын барлық балалардың қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, мектепке қабылдау нормасы сақталған. 1-сыныпқа түсу кезінде мектептің мектепалды даярлық сыныбындағы тәрбие мен оқыту деңгейі міндетті.

         Жаңа 2019/2020 оқу жылына бірінші сыныпқа түсетін балалардың ата-анасының назарына,  баланың 1-сыныпқа 2019 жылдың қыркүйек айына түсуі туралы өтініш  http://school.altynsarin.kostanay.gov.kz/ru/ сілтемеге енгізілуі тиіс. Бұл сілтеме 2019 жылдың 03 қыркүйегінен бастап жұмыс істейтін болады.

        Интернет ресурстармен жұмыс істеуге қиналатын бірінші сынып оқушыларының ата-аналары ХҚКО-ға немесе мектепте «1 сыныпқа өтініштерді қабылдауды автоматтандыру» үдерісінің мемлекеттік қызметіне жауапты тұлғаға жүгіне алады.

 

Аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері                     С.Т. Жүсіпова     

 

Мемлекеттік рәміздері

 

Президентінің Жолдауы

 

Рухани жаңғыру

 

Цифрлық Қазақстан

 

Kundelik.kz

 

kaz.ru


translit1

  

indigo kz

  

sakura kz

Сайтқа кіру

<< < Қараша 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30