1
2
3
4
5
6 1

Жауалықтар мұрағаты

Жаңалықтар -2017

 

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін19
Кеше20
Апта159
Ай2043
Барлық күндері49793

А. Мамаеваның Президент жолдауына пікірі

 

«Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тақырыппен халыққа Жолдауында ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев еліміздің бюджеті екі негізгі бағытталуы тиіс - экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.   Әлеуметтік саланың маңызды мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру болып табылады.

Осы салада президент кейбір  мәселелерге тоқталған:

- Біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын  есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ.

-  мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған.

- Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобыжұмыссыздар мен маргиналдардыңнегізінқұрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде.

Біз оқушылардың қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс деп айтқан. Мысалы, биылға жылы біздің ауданымыздың  мектептері қысқартылған типтік оқу жоспарына көшірілді. Осы жоспарларда ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында 7-9 сыныптарда вариативті компонентте инвариантты компоненттен арнайы оқу пәндер таңдалады.  10 сыныптарда кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында оқу жоспарында кеңейтілген және стандарт оқу пәндері бар. 

Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзету керектігі туралы да ой қозғады.

Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап барады.

Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы.

Сондықтан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгей де жалғастыру қажет. Осыған орай Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырды.

Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Осы мәселе бойынша ауданымызда да жұмыс өткізіліп жатыр.   2018 жылдан  бастап  біздің ауданымыздың  9 сынып оқушылары  IQanat олимпиадасына қатысады. Осы олимпиаданың негізгі мақсаты – ауылды жерлердегі зерек балаларды қолдау, олардың отандық және шетелдік университеттер де білім алуына мүмкіндік беру.   IQanat білім беру бағдарламасы - ҚР БҒМ қолдауымен қазақстандық бизнесмендердің жобасы Қазақстанда және шетелде жоғары білім алуға тең қол жеткізу үшін ауыл оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған,өңірлер бойынша олимпиаданың іріктеу турларынан өту арқылы. Өткен оқу жылында ауданымыздың 4 оқушысы (Силантьев ОМ 2 оқушысы, Обаған ОМ-1 оқушысы, Қарағайлы орта мектептерінің 1 оқушысы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық олимпиадаға қатысты).

Сапалы білім беру оқытудың сапалы жағдайынсыз жүзеге асырылмайды.                 20 білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жүргізуге 18 626,0 мың теңге ЖБ қаражаты және 12768,7 мың теңге тартылған қаражаты бөлінді.

Білім берудің маңызды деңгейлерінің бірі-мектепке дейінгі білім беру болып табылады. Қазіргі уақытта 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 99.6%-ды құрайды (облыста 1-орын), 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% - ды құрайды. Осы жерден ауданда мектепке дейінгі ұйымдарға кезек болмауы байқалады. Ата-аналар үшін орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 6 500 593 (алты миллион бес жүз мың бес жүз тоқсан үш) теңге сомаға «Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау процестерін автоматтандыру» және 7 152 407 (жеті миллион бір жүз елу екі мың төрт жүз жеті) теңге сомаға «Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдауды автоматтандыру» автоматтық мемлекеттік қызметтер жүйесі іске қосылды.

Бүгін мемлекет білім беру үшін көп нәрсе жасауда, мұғалімдердің біліктілігін жаппай көтеру және қолдау іс жүзінде теңдесі жоқ шараларына бастамашылық жасайды.

Педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі оң нәтиже беруде. 2018-2019 оқу жылының соңында санатты арттырушы немесе растаушы мұғалімдердің өсу серпіні байқалады, жаңа формат бойынша 84 педагог белгіленді. Оның ішінде 3 педагог-шебер, 27 педагог-зерттеуші, 44 педагог-сарапшы, 11 педагог-модератор.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек деп айтты. Тағы бір өзекті мәселе. Бұл – оқулық сапасының төмендігі.Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету – тиісті министрліктің тікелей міндеті.

Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аса қоймайды.

Сондықтан,  Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырды. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз.

Қорытындылай келе, бұл Жолдау еліміздің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешудегі және тәуелсіз елдің бірлігі мен берік іргетасын сақтаудағы нақты міндеттерді орындаудағы маңызды құрал болады.

Арайлым Мамаева

 

Мемлекеттік рәміздері

 

Президентінің Жолдауы

 

Рухани жаңғыру

 

Цифрлық Қазақстан

 

Kundelik.kz

 

kaz.ru


translit1

  

indigo kz

  

sakura kz

Сайтқа кіру

<< < Желтоқсан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31