«Нұрлы болашақ» республикалық акциясы
«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 15 мамыры мен 15 маусымы аралығында «Нұрлы болашақ» республикалық акциясы өтетінін хабарлайды.
Акция шеңберінде Алтынсарин ауданында балалардың құқықтарын қорғау проблемаларына қоғамның назарын аудару және отбасы мен балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ және басқа да әлеуметтік топтардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған келесі іс-шаралар жоспарланды:
- еліміздің балалар халқының өмір сүру сапасын қамтамасыз ету;
- орталық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік саясаттың алдыңғы жоспарына баланың құқықтары мен мүдделерін ұсыну;
- әр баланың құқықтарын насихаттау және қорғау, балалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу, балаларға құрметпен және қамқорлық көрсету.