Дойбыдан жарыс
2022 жылғы 3 наурызда "Обаған жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында 7-8 сынып оқушылары арасында дойбыдан мектеп лигасы бойынша аудандық жарыстар өтті. Жарысқа «Больше-Чураков ЖББМ» КММ, «Димитров ЖББМ» КММ, «Докучаев ЖББМ» КММ, «Свердлов НМ» КММ, «Силантьев ЖББМ» КММ, «Шербаков ЖББМ» КММ, «Омар Шипин атындағы ЖББМ» КММ, «Обаған ЖББМ» КММ қатысты. Командалық есепте 1 орынды «Докучаев ЖББМ» КММ, 2 орынды «Силантьев ЖББМ» КММ және 3 орынды «Обаған ЖББМ» КММ қыздар арасындағы жеке есепте 1 орынды «Докучаев ЖББМ» КММ оқушысы Зартдинова Альбина иеленді. Ұлдар арасында 1 орынды «Докучаев ЖББМ» КММ оқушысы Демьяненко Виталий және «Силантьев ЖББМ» КММ оқушысы Бекберген Жанбыл иеленді.