«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының туын қабылдау және куәлігін табыстау салтанатты жиынының өткізілуі туралы ақпарат
«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының туын қабылдау және куәлігін табыстау салтанатты жиынының өткізілуі туралы ақпарат
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде 28.11.2019 күні «ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының туын қабылдау және куәлігін табыстау салтанатты жиыны болып өтті.
Іс шараға Аудандық білім бөлімінің басшысы: Мамаева Арайлым Серікбековна,
Қостанай ауданының біріккен қорғаныс істер бойынша бөлім бастығының орынбасары – аға лейтенант Ренов Малик Ануарбекович
Облыстық «ЖАС САРБАЗ» қозғалысының төрағасы: Ахметов Ермек Кемелбекұлы, Қостанай ауданы және Ауданымыздың басқа мектептерінің АӘД пәнінің жетекшілері, «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының ата-аналары қатысты.
«Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбына қабылдаудың негізгі мақсаты-оқушылардың мектептегі негізгі білім алумен қатар,әскери өнердің алғашқы әліппесін қоса меңгеруге деген қызығушылығын арттыру.
«Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбында оқушылар әскери өнер негіздері,саптық дайындық,әскери топография және туризм,жолда жүру ережелері,самбо және қол жекпе-жегі сабақтарын қызығушылықпен оқып үйренеді.
ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сыныбының куәлігін табыстау
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің басшысы Ахмадиева Нұржамал Мұхтарқызына және Қостанай облысы бойынша «ЖАС САРБАЗ» қозғалысының төрағасы Ахметов Ермек Кемелбекұлына берді. Келген қонақтар жас сарбаздарды құттықтап, оларға мықты шабыт тіледі.
Іс шара барысында жас сарбаздар өздерінің саптық өнерлерін көрсетті.
ҚР-ның тұңғыш президенті «Егер біз мықты мемлекет боламыз десек, онда күшті армиямыздың болуы керек»-деген сөзі осы іс шараның кепілі.
Сонымен қатар, Қостанай ауылшаруашылық коледжінің «БАРЛАУШЫ» әскери патриоттық клубының студенттері де өз өнерлерін көрсетіп, барша көрерменді таң қалдыра білді.