«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ ұйымдастыруымен 2019 жылғы 9 сәуірде 1-4 сыныптар облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ ұйымдастыруымен 2019 жылғы 9 сәуірде 1-4 сыныптар арасында қазақ тілі (орыс тілі), математика, дүниетану пәндері бойынша облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Олимпиадаға ауданның 15 мектебі 55 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 12 жүлдегер анықталды, 1-4 сыныптар арасында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға қазылар алқасынан 4 оқушы ұсынылды: Воробьев бастауыш мектебінің 1 сынып оқушысы Аманбек Нұрсұлтан (оқу тілі қазақша) (мұғалімі Жубанова Слушаш Байтлюевна); Силантьев орта мектебінің 2 сынып оқушысы Аубакирова Назым (оқу тілі орысша) (мұғалімі Куц Ирина Николаевна); Силантьев орта мектебінің 3 сынып оқушысы Яковлева Екатерина (оқу тілі орысша) (мұғалімі Голошумова Татьяна Владимировна); Омар Шипин атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Омарова Асем (оқу тілі қазақша) (мұғалімі Кошмаганбетова Жанар Отарбаевна).
Олимпиада жүлдегерлері: 1 сыныптар арасында - Аманбек Нұрсұлтан (1 орын) Воробьев БМ, Мнайдаров Даниял (2 орын) Больше-Чураков ОМ, Мироненко Елена (3 орын) Силантьев ОМ; 2 сыныптар арасында – Аубакирова Назым (1 орын) Силантьев ОМ, Дерляйн Анна (2 орын) Краснокордон ОМ, Молодев Станислав (3 орын) Больше-Чураков ОМ, 3 сыныптар арасында – Яковлева Екатерина (1 орын) Силантьев ОМ, Шабашов Вадим (2 орын) Димитров ОМ, Тютюнников Роман (3 орын) Зуев ОМ; 4 сыныптар арасында – Омарова Асем (1 орын) Шипин атындағы ОМ, Щирый Вадим (2 орын) Силантьев ОМ, Нұрлан Зарина (3 орын) Больше-Чураков ОМ.
Сонымен қатар келесі мектептер қатысты: Докучаев ОМ, Щербаков ОМ, Обаған ОМ, Свердлов ОМ, Карағайлы ОМ, Лермонтов ОМ, Жаңасу НМ, Осипов БМ.
1-4 сынып оқушылары арасында олимпиадаға қатысушыларға «Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сертификаттары берілді.