1
2
3
4
5
6 1

Жауалықтар мұрағаты

Жаңалықтар -2017

 

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше10
Апта261
Ай356
Барлық күндері55423

Адалдық жолындағы бастама интернатта

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі, "Адалдық дүкені" бастамасы Обаған орта мектеп жанындағы интернатта ашылды.

 

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.43.54 1

 

    Ашылу салтанатына Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары Садыков Рустам Рыспаевич пен білім бөлімінің басшысы Мамаева Арайлым Серікбекқызы қатысып, лентасын кесті. Дүкеннің ашылуына кәсіпкер Ахметов Қайрат қол ұшын берді.

 

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.43.55

 

    "Адалдық дүкені" жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкенді ашу оқушыларда жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл игі іс Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Обаған орта мектебінде жалғасады. Интернат оқушылары мұндай дүкеннің ашылуына таңданыстарын жеткізіп, жастарға білдірілген сенім үшін ұйымдастырушыларға, интернат ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Досова Сауле

Обаған орта мектебі жанындағы

интернат меңгерушісі

 

WhatsApp Image 2018 12 12 at 11.43.53

 

Мемлекеттік рәміздері

 

Президентінің Жолдауы

 

Рухани жаңғыру

 

Цифрлық Қазақстан

 

Kundelik.kz

 

kaz.ru


translit1

  

indigo kz

  

sakura kz

Сайтқа кіру

<< < Тамыз 1966 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31